Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
451
+2.17
EUR
505
+2.61
RUB
5.36
0.00

Алматыда ер адам тұраққа таласып, көршісін пышақтап өлтірді

Қазір кісі өлтірілген жерде үсті матамен жабылған жол талғамайтын көлік тұр. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан кейін бір топ адам көлікке тас лақтырып, бүйіріндегі әйнегін сындырған.

Полиция абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Ер адамдар арасында алдымен сөзге келіспеушілік болғаны анықталды. Кейін жәбірленушіге өлімге әкеп соққан жарақат салынған. Күдікті бірден ұсталып, қамауға алынды», – дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Марқұмның туыстары істің объективті тергелуін талап етіп, қылмыстық істі «Адам өлтіру» бабына қайта саралауды сұрап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз