Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
448
-0.59
EUR
514
-1.35
RUB
5.31
-0.02

Енді екі алған оқушы келесі сыныпқа көшпейді

Енді білімі төмен оқушылар келесі сыныпқа көшпей қалуы мүмкін. Яғни мұғалім сабақ үлгерімі төмен балаларды сүйрелеп, әуре болмайды. Оқу-ағарту министрлігі білімді бағалау ережесін қатаңдатып отыр.

Жаңа бұйрыққа сәйкес 1-сыныпта баға мүлдем қойылмайды. 2-4 сыныптарда 10 балдық шкала сақталады. Ал 5-11 сыныпқа дейінгі оқушылар бір немесе екі пәннен «2» деген жылдық баға алса, ол жазда қайта жиынтық бағалау тапсырады. Одан дұрыс баға ала алмағандарға жаңа оқу жылы басталар алдында тағы бір мүмкіндік беріледі. Онда да нәтиже болмаса, екінші жылға қалдырылады.

Министрліктің бұл талабымен ата-аналардың бірі келіссе, енді бірі балаға білім берудің өзге де жолы бар деп санайды. Ата-аналардың бірі «Жалпы керек. Түбінде оқиды бала, ұялады, намыстанады. Қаласын келесі жылға десе, бала намыстанып оқиды. Ата-ана да жан таласады. Әйтпесе жан таласпайды, бәрібір көшеді, сол үшін қояды» деген пікірін айтты.

Тұрғындардың пікірінше, қазіргі таңда мектептерде оқушыларға қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік көп. Сондықтан мұғалімдер мен ата-аналар баланың білімін жақсартудың түрлі жолдарын қарастыра алады. Ал үлгерімі төмен оқушыларды келесі сыныпқа автоматты түрде өткізе беру олардың біліміндегі олқылықтардың жиналуына әкелуі мүмкін.

Ата-аналар бір сыныпқа қалдыру баланың оқуына жауапкершілікпен қарауына және білім алуға деген мотивациясының артуына ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз