Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды», – деп хабарлады бүгін Ақорда.
Валерий Михайлов 1946 жылы 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Бірінші мамандығы геофизик. Бірақ, әр жылдары республикалық газеттерде жұмыс істеген. Соның ішінде, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы, 2003 жылдан бері «Простор» журналында бас редакторы болды. Ол бірнеше қазақ жазушысының шығармаларын орыс тілдеріне аударып, орыс тілінде де көп шығарма жазған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
Айта кетейік, Валерий Михайловтың ашаршылық туралы «Ғаламат жұт шежіресі» деректі кітабы ел арасында ең танымал туындыларының бірі. Д.Досжановтың, Б.Мұқаевтың, т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденімен (1996), екі медальмен марапатталған.