Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
16
USD
456
-3.05
EUR
527
-4.40
RUB
5.25
-0.04

Петропавлда «ерікті» қартты үйінде ұрып-соққан

Ақыры зейнеткер амалсыздан ақшасын «еріктіге» берген. Алайда сотталушы пәтердегі басқа да құнды заттарды іздеп, тінте бастаған. Осы сәтті пайдаланған үй иесі кіреберіске жүгіріп шығып, есікті сыртынан жауып тастаған. Қан-жоса зейнеткерді көршілері байқап, полиция шақыртқан.

«Пәтер ішінде қамалған қылмыскер 5-қабаттың терезесінен шығып, су ағатын құбырмен төмен түспек болған. Бірақ құбыр үзіліп, ер адам құлап кеткен. Оны ауруханаға жеткізіп, кейін полицияға тапсырған», – делінген хабарламада.

Сотта Исыпов кінәсін жартылай мойындап, әрекетін қайта саралап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған. Жәбірленуші де болған жағдайға қарамастан, Исыповты колонияға жібермеуді өтінген. Ол сотталушыға ешқандай талабы жоқ екенін және оның қоғамнан оқшауламай-ақ түзеле алатынын айтқан.

Алайда сот басқа шешімге келген. Денис Исыпов зорлық-зомбылық қолданып, тұрғын үйге заңсыз кірген тонау әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде алты жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот залында-ақ қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз