Бурабай ауданында Ақылбай ауылының маңындағы Кіші Шабақты көлінде Ақкөл қаласынан достарымен демалуға келген 31 жастағы ер адам суға батып кеткен.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас болған. Сағат 22:35-те жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оның мәйітін судан алып шықты», – деді ТЖД.
Сондай-ақ Бурабай ауданындағы Бурабай көлінде қонақ үйлердің бірінің маңында, шомылуға арналмаған жерде суға түскен 23 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны суға батып кетті. Ол бұл жерге отбасымен бірге демалуға келген.