Әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан жаңа халықаралық «Құдайдың сауыты 4: Соңғы шешім» (Armour of God: Ultimatum) көркем фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Маңғыстау облысына келді.
Әуе кемесінің трапында әлемдік кино жұлдызын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды. Джеки Чан жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, Маңғыстаудың табиғи ландшафттарының кино түсіруге ерекше қолайлы екенін және олардың болашақ фильмнің жарқын бөлігіне айналатынын атап өтті.
«Құдайдың сауыты 4: Соңғы шешім» (Armour of God: Ultimatum) жобасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Фильмнің өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы айналысады.