Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
19
USD
465
-2.70
EUR
532
-2.62
RUB
6.05
-0.09

Риелтормен кездесу кеткен алматылық бойжеткен төртінші қабаттан құлап қаза тапты

Марқұмның анасы бұл іс бірнеше рет сотта қаралып, кейін жабылғанын айтады. Дегенмен ол істі қайта тергеуге қол жеткізген. Әйелдің айтуынша, содан кейін риелтордың адвокаты өзімен хабарласып, ақша ұсынған. Осыдан кейін ол өз өміріне де қауіп төніп тұрғанын айтып, алаңдаушылық білдірді.

«Қызынан айырылған ананы сатып алмақ болды ма? Бұл өте арсыз әрекет. Егер олар мені де өлтіріп кетсе ше? Мен болмасам, бұл іс тоқтап қалады. Қызым үшін күресетін ешкім қалмайды. Мен өлімнен қорықпаймын. Бұл өмірде мені ұстап тұрған ештеңе жоқ. Бар тілегім – қызымның атына тағылған «өзіне қол жұмсады» деген қара таңбаны алып тастап, кінәлілердің заң алдында жауап беруіне қол жеткізу», – дейді марқұмның анасы.

Қазіргі таңда полиция аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Сонымен қатар іске «Өз бетінше әрекет ету» бабы да қосылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Верониканы соңғы болып көрген жігіт оның ұялы телефонын тартып алған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір кешенді сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар тағайындалған. Олардың қорытындысы бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті құқықтық баға беріледі. Қазіргі уақытта бір күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ал марқұмның анасы бұл іске өзге адамдардың да қатысы болуы мүмкін деп есептейді. Оның айтуынша, қайғылы оқиға болған пәтерден төрт адамның саусақ ізі табылған. Алайда олардың кімге тиесілі екені әзірге белгісіз. Сонымен қатар көршілер жиһаз құлағандай қатты дыбыс естігендерін айтқан. Бұдан бөлек, іс материалдарынан Верониканың киімдері, фото және бейнежазбалары жоғалып кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз