Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
477
+10.33
EUR
542
+10.78
RUB
6.08
+0.16

Енді Қазақстанда фильмдер прокатқа шықпас бұрын сараптамадан өтеді

Сондай-ақ киноөнімдерді жас ерекшелігіне қарай жіктеу тәртібі нақтыланды. Енді фильмдер 6+, 12+, 14+, 16+, 18+ және 21+ сияқты жеті санат бойынша бөлінеді. Яғни, 18+ санатына суицид, адам өлтіру, отбасы мәселелері мен ажырасу, есірткі және алкогольге тәуелділік, түрлі аурулар, қоғамға жат мінез-құлық көріністері қамтылған фильмдер енгізіледі. Сондай-ақ сюжет пен көркемдік мақсатқа сай берілген жалаңаштық, жыныстық қатынас немесе эротикалық көріністер, дөрекі жаргон сөздер мен бейәдеп лексикасы бар туындылар осы санатқа жатады.

18+ санатындағы фильмдерді телеарналарда тек сағат 22:00 мен 06:00 аралығында көрсетуге рұқсат етіледі. Ал 21+ белгісі берілген туындылар кинотеатрларда тек түнгі 00:00-ден таңғы 06:00-ге дейін көрсетіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз