Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
14
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Электр қуатын қалай үнемдеуге болады?

Салыстырмалы түрде айтсақ, Еуропа елдерінде бір отбасы айына орта есеппен 200-375 кВт/сағ, ал жылына 2,5-4,5 мың кВт/сағ электр энергиясын жұмсайды. Ал сонда күнделікті тұрмыс-тіршілікте электр қуатын қалай үнемдеуге болады? Энергетиктердің айтуынша, жарықдиодты шамдарды пайдаланған тиімді. Олар кәдімгі шамдарға қарағанда қуатты әлдеқайда аз жұмсайды.

Үнемді тұрмыстық техника таңдау: Энергия тиімділігі жоғары класты құрылғыларды сатып алған жөн. «Күту режимінен» ажырату: Тоққа қосулы тұрған техникалар (тіпті қолданылмаса да) электр энергиясын «жеп тұрады», сондықтан оларды розеткадан ажыратып жүру керек.

Құрылғыларды ақылмен пайдалану: Кондиционер, жылытқыш сияқты қуатты көп қажет ететін жабдықтарды орынды, тек қажет кезде ғана қолдану қажет.

«Әдетте, электр қуатын көп қажет ететін тұрмыстық техниканы қадағалау арқылы энергияны көбірек үнемдеуге болады. Мысалы, қолданылмайтын зарядтағыштар мен құрылғыларды тоқтан ажыратып қою, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды толық толтырып қосу, техниканың энергия үнемдейтін режимдерін пайдалану, сондай-ақ ескірген жабдықтарды уақытылы жаңа, үнемді түрлеріне ауыстыру керек», – дейді мамандар. 

Тұтынушы бір айда немесе бір жылда қанша үнемдей алады?

Сарапшылардың айтуынша, үнемделген қуаттың нақты көлемін білу үшін үнемдеу шараларын бастағанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыру керек. Дегенмен, мамандардың есептеуінше, электр қуатын тұрақты түрде үнемдеу және тиімді құрылғыларды пайдалану шығынды шамамен 10-20%-ға азайтуға көмектеседі. Егер пәтер айына орта есеппен 350 кВт/сағ тұтынса, демек, бұл ай сайын 35-70 кВт/сағ, ал жылына 420-840 кВт/сағ үнемдеуге болады. Осы көрсеткішті өзіңіз тұратын аймақтың тарифіне көбейтіп көріңіз. Ресурстарды тиімді пайдалансаңыз, жылына бір-екі айдың жарық ақысын «қалтаңызда қалдыруға» толық мүмкіндік бар.

Енді электр желілеріндегі шығындар туралы әңгіме өрбітсек. Мамандардың айтуынша, ток көзін электр станцияларынан түпкілікті тұтынушыларға (үйлерге) жеткізу кезіндегі шығындар – бұл табиғи әрі қалыпты құбылыс. Мұндай шығындардың негізгі бөлігі желілердегі, трансформаторлардағы және басқа да құрал-жабдықтардағы физикалық процестерге байланысты болады. Электр сымдармен жүргенде, өткізгіштердің қарсылығы мен құрылғылардың жұмысы салдарынан электр энергиясының бір бөлігі жылуға айналып, ұшып кетеді. Бұдан бөлек, коммерциялық шығындар да болады. Бұл шығындар есептеуіш құралдарындағы қате көрсеткіштерден, есептегіштердің бұзылуынан немесе токты заңсыз пайдалану, яғни кәдімгі ұрлық салдарынан  да туындайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз