Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
15
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда экс-әйелін қудалаған ер адам жазаланды

Сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалып, оған қатысты пробациялық бақылау белгіленді.

Жәбірленуші өз өтінішінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жеделдігін ерекше атап өтті.

«Полицияның дер кезінде әрекет етуінің арқасында қудалау тоқтатылып, өмірімдегі тыныштық қайта қалпына келтірілді», – деп жазылған өтініште.

Өз кезегінде Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлім басшысы Елдос Бақбергенов.

«Азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйіне нұқсан келтіретін кез келген қудалау әрекеттеріне құқықтық тұрғыдан қатаң баға беріледі. Полиция мұндай деректерге жедел ден қойып, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», – деп атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз