Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Батыс Қазақстанда киік пастереллез ауруынан қырылып жатыр

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы аумағында барлығы 3281 бас киік өлексесі жойылды, оның ішінде: аталығы — 1547, аналығы — 1617, лақ — 117.

«Ауылдық округтердің аумағында орналасқан мал қорымдарының көпшілігі толып кеткендіктен, өлексені жою кезінде үнемі қиындықтар туындауда. Негізгі қиындық – арнайы техниканың, атап айтқанда экскаваторлардың жетіспеушілігі», – дейді облыстық әкімдік.

Айта кетері, пастереллез – бактерия текті, жедел түрде өтетін зооноздық жұқпалы ауру. Аурудан тері, теріасты тін, буындар мен сүйектер зақымданады. Ауырған малдың ішкі ағзалары зақымданады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз