Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

23 жастағы талдықорғандық дзюдошы қыздың өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлайды

Кейін жағдайы нашарлаған соң қызды жақындары өздері ауруханаға жеткізген. Алайда көпсалалы ауруханада, туыстарының айтуынша, тіркеуі болмағандықтан қабылдамай, облыстық ауруханаға жіберген.

Онда дәрігерлер ағзаға инфекция түскен деп бағалап, инфекциялық ауруханаға жолдаған. Бұл жерде оған екі рет тамызғыш дәрі қойылған. Құрбысының айтуынша, уақытша жақсарғанымен, кейін жағдайы қайта нашарлап, өңі бозарып, ерні көгерген.

Сондай-ақ науқас стационарлық емнен бас тартып, өз қолымен жазбаша түрде бас тарту қағазын толтырған көрінеді. Алайда сол түні жағдайы күрт нашарлаған. Туыстары қайта жедел жәрдем шақырғанымен, облыстық ауруханаға жеткізілген соң, есін жимастан қайтыс болған.

«Ол кезде Аянның жағдайы нашарлап, тамызғыш дәріні салдыруға бой бермеді. Бригада Аянды тіпті алып кетеміз деген де жоқ», – дейді құрбысы.

Туыстары медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген болуы мүмкін екенін айтып, дәрігерлер салғырттық көрсетті деп отыр. Сонымен қатар олардың сөзінше, өлім қорытындысында «белгісіз заттан улану» деп көрсетілген.

«Күйеу баланы ертіп келеді, соны күтіп аламын деп ойладым. Екеуінің енді бақытты болғанын көремін деп отырғанда қу сүйегін құшақтап жылаймын деп ойлаған жоқпын», – дейді марқұмның анасы.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 сәуір күні сағат 18:16-да Аян Тұрдыбекке алдын ала «жедел респираторлық вирустық инфекция» диагнозы қойылып, ем тағайындалған.

«Кейін науқас өз бетінше облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінген. Онда қажет медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жату ұсынылған. Алайда ол стационарлық емнен бас тартып, жазбаша түрде келісім бермеген», – деді басқарма басшысының орынбасары Алмагүл Кенжегұлова.

Оның айтуынша, түнгі сағат 03:49-да жедел жәрдемге қайта шақырту түскен. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп, науқасты облыстық ауруханаға жеткізген. Сол жерде оның биологиялық өлімі тіркелген. Бұл дерек бойынша полиция да соталды тергеу бастады.

«Қазір құзырлы органдар тексеріс жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі», – деді Алмагүл Кенжегұлова.

Айта кетейік, Аян Тұрдыбек күреспен айналысып, самбодан өңірлік жарыстарға қатысқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз