Қазақстандық оқушылар қайтадан мазмұндама, шығарма, диктант жазады. Бұл туралы 365info.kz сайты 31-арнасының “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі жазба жұмыстары қайта енгізілетінін айтты.
«Мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Енді 5-7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8-9 сыныптарда «Заң және тәртіп» оқытылады. Ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» пәндері міндеттеледі. Бұл өзгерістер балалардың тек білімін емес, тәртібі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған», – дейді министр.
Оның пайымынша, жаңа пәндер «Адал азамат» бағдарламасы аясында енгізіледі. Сондай-ақ экологиялық тәрбиеге мән беріліп, кей пәндер қайта оралады. Мысалы, 8-9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына екі сағаттан оқытылады. Осылайша мектеп бағдарламасы енді тек білім беруге емес, тәрбие мен заңды құрметтеуге бағытталмақ.