Әлемде COVID-19-дың жаңа штамы таралып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының қатты мутацияланған BA.3.2 штамын (бейресми атауы – «Цикада») бақылауда ұстап отыр.
Қазір бұл нұсқа кемінде 23 елде анықталған. ДДСҰ оны «бақылаудағы нұсқа» санатына енгізгенімен, әзірге оның бұрынғы штамдарға қарағанда ауыр өтетініне дәлел жоқ. Жаңа штамның атауы оның ұзақ уақыт көзге түспей, кейін қайта белсенді тарала бастауына байланысты берілген. Ғалымдар оны цикада жәндігінің ұзақ уақыт жер астында «ұйқыда» жатып, кейін бір мезетте пайда болуымен салыстырады.
Әзірге «Цикада» штамының белгілері бұрынғы COVID нұсқаларынан қатты ерекшеленбейді. Ең жиі кездесетіндері:
Яғни, вирус бұрынғыдай тыныс жолдарының сол жасушаларын зақымдайды, сондықтан симптомдары да ұқсас. BA.3.2 нұсқасында мутация көп болғандықтан, вакцина жұқтырудың өзін толық тоқтатпауы мүмкін. Бірақ қазіргі вакциналар аурудың ауыр өтуінен әлі де қорғайды. ДДСҰ мен CDC осыны ерекше атап отыр.
Мамандардың ортақ пікірі – үрейге негіз жоқ, бірақ сақтық қажет. Қазір ауыр жағдайлар, ауруханаға түсу немесе өлім көрсеткішінің өскені байқалмаған. ДДСҰ бұл нұсқаның қоғамдық денсаулыққа қаупін төмен деңгейде деп бағалайды.
Әсіресе, қауіп тобына кіретіндер:
Қысқасы, «Цикада» – жаңа әрі мутациясы көп штамм, бірақ әзірге оның қауіптілігі айтарлықтай жоғары емес. Ең бастысы – суық тию белгілері болса, әсіресе балада, бақылауды күшейтіп, қажет болса дәрігерге жүгіну қажет.