Жамбыл облысында өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырған азамат әлеуметтік желіде компромат жариялаймын деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен. Жамбыл облысының Полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзіне бопсалау жасалғаны туралы арызбен жүгінді.
«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды», – делінген ПД хабарламасында.
Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды осындай деректер анықталған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырады.