Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ұлдарынан таяқ жеген қария көпшіліктен көмек сұрады

Қария бірнеше рет полицияға шағымданған. Құқық қорғау органдары екі ұлын жауапкершілікке тартқан. Олар сот шешімімен бір айға дейін қамауда болған. Алайда бостандыққа шыққан соң, соттың қорғау нұсқамасына қарамастан, әкелеріне көрсетілетін қысым тоқтамаған.

«Шарасыздықтан көмек сұрап отырмын. Мұндай жағдайдың ұят екенін түсінемін. Сонда мен қандай күнә жасадым, осындай қорлыққа төзуім керек пе? Бір жарым-екі жыл бұрын болған жанжал кезінде үшінші ұлым мені қорғап жүріп, пышақ жарақатын алды. Ал биыл ақпанда екі ұлым мені буындырып, бетімнен ұрып, қолымды қайырып жатты. Көрші араласпағанда не боларын білмеймін. Қазір екеуі тағы да қамауда. Бірақ олар босап шыққанда не боларын ойласам, қорқамын», – дейді ол.

Қазір қария өзінен тартып алынған құжаттарын іздестіріп жүр. Оның айтуынша, құжаттарды ұлдарының бірі алып қойған. Осыған байланысты ол полициядан құжаттарын қалпына келтіруге көмек сұраған.

Полиция мәліметінше, ұрып-соғу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс барысында бұл әрекеттерді оның 31 және 34 жастағы екі ұлы жасағаны анықталған. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына қамау жазасы тағайындалған. Сонымен қатар сот олардың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеп, жәбірленушіге жақындауға тыйым салған. Қазір күдіктілер қамауда отыр. Бостандыққа шыққан соң олар профилактикалық есепке алынады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз