Қазақстанда жеке табыс салығының жеңілдіктері қысқарды. Енді жалақыдан ай сайын ұсталатын қаржы бойынша ғана шегерім беріледі. Бұл туралы 365info.kz сайты 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Салықтан жеңілдік алу тоқтағанымен, биылдан бастап жұмыс істейтін барлық азаматқа қолжетімді базалық салық шегерімінің мөлшері өсті. Сәйкесінше жалақы сомасы көбеймек. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, ол үшін өтініш жазып, есепшіге құжат жинаудың қажеті жоқ.
«Бізде жалпыға қолданылатын салық шегерімі 30 айлық есептік көрсеткішке өсті. Бірақ одан қалтамыз ай сайын көп болса 10 мың теңгеге толар. Үкімет жеңілдік сомасын арттырды, есесіне ипотекасы барларға, көпбалалы отбасыларға, медициналық қызметтерге арналған шегерімдерді алып тастады», – дейді салық сарапшысы Айдар Масатбаев.
Биылдан бастап шегерімнің тек үш түрі бар: