Қарағандыда жүргізуші тротуарға шығып кетіп, 4 жасар бүлдіршінді анасымен бірг қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 6 қараша кешке «Шығыс-1» ықшам ауданында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода қар үстінде жатқан анасын көріп, баланың жылап тұрғаны байқалады.
25 жастағы әйел баласын балабақшадан алып, үйіне қайтып бара жатқан. Дәрігерлер оның аяғы сынғанын анықтады, жағдайы – орташа ауыр. Бала жарақат алмаған, бірақ қатты қорыққан.