Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

АҚШ пен Қазақстан энергетика саласындағы стратегиялық әріптестігін нығайтып келеді

Ерлан Ақкенженов атап өткендей, америкалық компаниялар Қазақстанның әлеуетіне сенім артқан алғашқы инвесторлардың бірі және бүгінде Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі жобалардағы негізгі серіктестер болып табылады.

«Қазақстанда іске асырылып жатқан жобалар біздің америкалық әріптестеріміздің жаһандық портфельдеріндегі негізгі активтерге айналды. Бұл жобалардың ауқымы Қазақстанның әлемдік энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі стратегиялық маңыздылығын көрсетеді әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың айқын дәлелі болып отыр», – деді министр.

Тараптар ірі бірлескен жобаларды іске асыру барысын және жаңа кен орындарын игеру жоспарын талқылады. Кездесуде мұнай тасымалы мәселелеріне ерекше назар аударылып, негізгі экспорттық бағыт саналатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты және сенімді жұмысын қамтамасыз ету жайы қаралды.

Өз кезегінде Даг Бергум Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұған ірі америкалық мұнай-газ компанияларының көпжылдық табысты қызметі нақты дәлел бола алады. Сонымен қатар, ол энергетика саласын цифрландыру бағытындағы бірлескен жобаларды дамытуға АҚШ тарапының мүдделі екендігін атап өтті.

Кездесу екі тараптың өзара сенім мен құрметке негізделген ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті нығайтуға деген ниеттерін көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз