Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Республика күні қарсаңында Алматы облысының су шаруашылығы мамандарына жаңа техника табысталды

Филиал барлығы 73 арнайы техникамен қамтамасыз етіледі. Республика көлемінде «Қазсушар» кәсіпорнының филиалдарына жалпы саны 757 жаңа техника беру жоспарланған, оның 524-і қазірдің өзінде жеткізілген.

Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада министр Алматы облысының су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыстады.

«Жаңа әрі заманауи техника филиалдардың жұмыс тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Министрлік берген жабдықтар мен автокөліктер қазірдің өзінде гидротехникалық нысандарды жөндеу, салу және тазалау жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Сонымен бірге біз су саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға және олардың мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Биыл «Табиғи монополиялар туралы» заңға су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 50 пайызға дейін арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ министрлік мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Нұржан Нұржігітов «Алматы облысы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Қазсушар» РМК өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесуде су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау мәселелері, сондай-ақ 2026 жылғы суару маусымына дайындық барысы талқыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз