Русская редакция
Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00
Главная
Жаңалықтар
Экономика
Сараптама
Қоғам
Руханият
Саясат
Микс
TV
Цифрлық Қазақстан
Поиск

XXV Жазғы Сурдлимпиадаға Қазақстан атынан 79 спортшы қатысады

20 қазан 2025, 19:05
Саяжан Нуртай
Қазақстанның ұлттық құрамасы XXV Жазғы Сурдлимпиадаға дайындықтың шешуші кезеңінде. Біздің сурдоспортшылар ел абыройын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан спортшылары сегіз Сурдлимпиадада 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 8 күміс және 26 қола медаль бар. Бұл жайында ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Мәселен, 2022 жылы Бразилияда өткен ойындарда ұлттық құрама 29 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 13-орынға ие болды.

«Сурдлимпиада – бұл күш пен сенімнің тіліне айналған ерекше кеңістік. Әрбір қимыл – ерік-жігердің, әрбір старт – теңдікке жасалған қадамның көрінісі. Қазақстан бұл қозғалыстың ажырамас бөлігі ретінде спорт арқылы адамдарды біріктіріп, жаңа белестерге жетуге ұмтылуда. Бүгінгі Қазақстан – мүмкіндігі тең ел. Сурдлимпиада – біздің қоғамымыздың айнасы, онда еңбек, ерік және адамдық қадір-қасиет бағаланады. Біздің спортшылар ел намысын лайықты қорғап, Токиода жаңа жеңістерге жететініне сенімдімін», – деді спикер.

Ал, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы Марат Қасқырбаевтың айтуынша, биылғы додада ел намысын 79 спортшы қорғайды. Олар дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу және тхэквондо сынды спорт түрлерінен бағын сынайды. Осы уақытқа дейін Министрлік сурдоспортшылар үшін 21 оқу-жаттығу ұйымдастырды. Олардың 5-і шетелде, қалғаны Қазақстан аумағында өтті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
Баласын батареяға байлап ұрған әйел жазадан құтылып кетті
1
Майқайыңдағы оқиғаға қатысты тың дерек шықты
1
Коалиция өкілдері Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
1
Шымкентте баланың асқазанынан бір уыс шаш шыққан
1
Қазақстанда орташа зейнетақы 14 700 теңгеге өсті
1
Бестеректегі балалар өлімі: қаза тапқан балалардың ата-аналары талап қойды
1
Павлодарда әскери қызметшілер арасында волейболдан жарыс өтті
1
Жаңа Конституция – бірлік негізі: Қарағандыда кездесу өтті
13
ШҚО-да мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтамаған 72 адамға айыппұл салынды
1
Атырауда үшем дүниеге келді
1
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
1
Фермер Жәнібек Кенжебаев сиыр етінің келісін 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынды
1
Сайтқа жарнама беру
Редакция
Материалдарды пайдалану ережелері
Подписывайтесь на email рассылку еженедельного обзора
Подписывайтесь на оповещения о важных событиях
WhatsApp +7 771 228 04 01
Telegram-да бармыз ғой" @kaz365info
Біз әлеуметтік желілерде:
Мобильді қосымша:
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз