Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Биыл елімізде 269 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 53 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 49,1 мыңы оқуды аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 45,6 мың адам қамтылды, оның ішінде 25,9 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды. Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 8 075 адам жіберілді, оның ішінде 2 541 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 1 065 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 304,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды. Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қазанда 607,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 153,6 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос бос орындарға – 142 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 283 мың адам; орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 28,7 мың адам.

Сонымен қатар, 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру көзделген. 2025 жылғы 1 қазанда республика бойынша 8 964 грант берілді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз