Астанада кәмелет жасқа толмаған жасөспірім жүк көлігін айдап жүргені анықталды. Полиция департаментінің мәліметінше, HOWO маркалы жүк көлігі Жұмекен Нәжімеденов көшесінде тоқтатылған. Тексеру кезінде көлікті 16 жастағы, жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім басқарғаны белгілі болды.
Оған қатысты, анасының қатысуымен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, көлік иесі – анасына да сол кодекстің 612-бабы 5-бөлігіне сәйкес, көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға бергені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.