Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ауыл шетінде өсіп тұрған жабайы қарасораны жинап алған жамбылдық сотталып кетті

Істі Тұрар Рысқұлов аудандық соты қарады. Сотта ер адамның кінәсі тергеу хаттамасы, сараптама қорытындысы және фотоматериалдармен дәлелденді. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Прокурор оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігіне (аса ірі көлемде есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену және сақтау) сәйкес шешім шығарып, оны кінәлі деп таныды. Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде айыпталушының өкінуі мен оң мінездемесі ескерілді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Сот үкімі бойынша ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз