Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қырғызстан тауларында қалып қойған ресейлік альпинист әйел қаза тапты

2 қыркүйекте арнайы дрон екі рет әуеге көтеріліп, «Оңтүстік Энилчек» базалық лагерінен түсірілім жүргізген. Он минуттан астам уақытқа созылған бейнеден альпинистің тірі екені туралы белгілері байқалмаған.

«Өкінішке қарай, Наталья Наговицынаның өмірлік белгілері жоқ екенін мәлімдеуге мәжбүрміз! Барлық құтқару жұмысы тоқтатылды. Бұл біз үшін ауыр болса да, шындыққа тура қарауымыз керек! Видеоматериалдардың бәрі Натальяның ұлына жеке табысталады», – деді федерация басшысы.

Оның айтуынша, қырғыз тарапы альпинистің өмірін құтқару үшін барлық мүмкіндікті қарастырған. Алайда аса биік таулы орын, қолайсыз ауа райы, тікұшақтың қону қиындығы және құтқарушылардың физикалық мүмкіндігі жоспарды орындауға мүмкіндік бермеген.

«Жеңіс шыңындағы 7200 метр биіктікте бірде-бір құтқару операциясы сәтті болған емес. Құтқарушы альпинистердің өміріне одан әрі қауіп төндіруге құқымыз жоқ. Үкіметке, Қорғаныс министрлігіне, әскери ұшқыштарға, құтқарушыларға, альпинистерге және атсалысқан жандарға алғыс білдіреміз!» – деді Кубатов.

Сонымен қатар ол таудағы қайғылы жағдайлар альпинистік өмірдің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

«Біздің таулы еліміз әрдайым тартымды әрі қауіпсіз болу үшін бар күшімізді саламыз! Баршаңызға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін! Бұл жағдайда қолдан келгеннің бәрін жасадық. Түсіністік танытуларыңызды сұраймын!» – делінген жарияланымда.

Ресейлік альпинист Наталья Наговицына 12 тамыздан бері Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қалып отыр. Ол аяғын сындырып алған. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығы құтқару жұмысына кедергі болған.

Оқиға кезінде Қырғызстан қорғаныс министрлігінің тікұшағы қатаң қонуға мәжбүр болды, ал басқа альпинистер тобының құрамындағы итальян спортшысы Лука Синигалья қаза тапқан еді.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз