Алматыдағы балалар мекемесінен өз еркімен екі жасөспірім қыз қашып кеткен болатын. Екі қыз бұған дейін де қашып жүрген, алайда оларды полицейлер тауып, қайта әкелген. Бұл жолы іздеу жұмыстары екі аптаға созылды.
Алматы полиция департаменті балалар үйінің тәрбиеленушілерін қалалық қылмыстық полиция қызметкерлері тапқаны туралы ақпарат келіп түсті.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағынан табылды. Қазіргі таңда олардың мекемеден қашып кетуінің мән-жайын анықтау үшін екеуі де Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілген», – делінген қалалық ПД хабарламасында.