Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбеде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Экологиялық акция барысында ондаған қап қоқыс жиналып, арнайы техникамен шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар табиғи аумақтарды сақтауға ғана емес, жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға да сеп болады.

«Бұл акция тек сенбілік емес. Біз жастарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға ұқыппен қарауға үйретіп келеміз. Жас сарбаздарымыз өз еңбектерімен көпке үлгі бола алады», – дейді Ақтөбе орман шаруашылығының өкілі.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып жатыр. Оның аясында орман алқаптары, өзен-көл жағалаулары мен елді мекендер маңы тазартылып, экобілім беру жұмыстары жүргізілуде. Табиғат тазалығы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ақтөбелік жастардың бастамасы өзгелерге де ой салып, айналаны таза ұстауға үндейді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз