Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Мемлекеттік грантты тегін алып беремін деп 23 адамды тақырға отырғызған

Қалалық полиция департаменті алаяқтықтың басқа да түрлерін айтты. Олардың мәліметінше, алаяқтар көбінесе жалғыз тұратын қарттардың атына несие алып, мүлкінен айырады.

«Биыл тіркелген екі жарым мыңнан астам істің 70 пайызы ғана ашылған. Мұндай қылмыстарды көбіне шетелдіктер қашықтан жасайды. Интернет алаяқтықтың жаңа түрі күн сайын пайда болып жатыр. Олардың ең танымалы телефон соққанда өздерін құқық қорғау органының қызметкерімін, банк қызметкерімін, пошта өкілімін деп таныстыруы. Түрлі сылтаулармен олар жәбірленушінің жеке деректерін алады: CVR кодтары, банк шоттары және т.б. Мұның бәрі сіздің жеке ақпаратыңыз және оны ешқашан үшінші тұлғаларға бермеңіз», – делінген хабарламада. 

Қаржы пирамидалары алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі болып қала береді. Алты айда Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидалары бойынша 90-ға жуық іс ашты. 400-ден астам адам зардап шекті. Жалпы шығын 700 миллион теңгеден асады.

«Қаржы пирамидасының басты белгісі адамды жоғары табыс табатынына сендіру. Адамдар мұндай уәделерге жиі алданады. Екінші белгі, кәсіпорынның қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының жоқтығы. Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз», – деді Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан. 

Тек бірінші жартыжылдықта Қазақстанда екі жарым мыңнан астам интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Көбінесе қылмыскерлер басқа елдерден әрекет етеді. Полиция азаматтардан қырағы болуды, жеке мәліметтерді бейтаныс адамдарға бермеуді және ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз