Алматыда дәрігерлер жасөспірім қыздың асқазанынан салмағы 1,5 келіге жуық трихобезоар – шаш пен шырыштан тұратын тығыз масса алып шықты. Оқиға Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында болған. 14 жастағы қыз ауыр жағдайда жеткізіліп, іштің қатты ауырсынуы, кебу, әлсіздік және улану белгілері анықталған. Уақытылы медициналық көмек көрсетілмегендіктен, оның іш қуысында перитонит және сұйықтық жиналғаны белгілі болды.
Дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қалды. Қазір оның жағдайы тұрақты, әрі психологиялық бақылауда. Мамандар ата-аналарға балалардың мінез-құлқы мен денсаулығына мұқият болуды ескертеді.