Астанада бұрынғы жігіті тарапынан қаза тапқан бойжеткеннің інісіне қатысты жаңа дерек жарияланды. 16 жастағы жасөспірім қазіргі уақытта №2 қалалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жасөспірім 2009 жылы туған. Ол жедел жәрдеммен арқа тұсынан алған пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда ол шұғыл хирургия бөлімінде жатыр.