Инфляцияның маусымдық өсуі жалғасып келеді. Бүгін мамыр айы бойынша мәліметтер шықты. Қазір еліміздегі инфляцияның жылдық деңгейі 11,3% болып тұр. Ай сайынғы өсу сәл де болса бәсеңдеген. Мысалы, сәуірде инфляцияның бір айдағы өсуі 1,2% болған еді. Мамыр айында 0,9 пайызға дейін баяулады.
Қазіргі инфляцияға көктемгі несие нарығындағы белсенділік пен тарифтердің қымбаттауы әсер еткен сияқты. Сәуір-мамыр айында өткен жылғы азық-түліктің қорлары таусылып, олардың орнын көбіне Өзбекстаннан келетін балғын, яғни балғын көкөніс пен жеміс басты. Ал олардың бағасы арзан емес. Бұл жылда қайталанатын маусымдық инфляцияның негізгі факторы.
«Бірақ биыл Ұлттық Банк стерилизация әдісіне көшті. Алтын операцияларын «айналау» өз жемісін енді беретін болады. Онымен қатар депозиттік аукциондар күшейіп, бекітілген купонды облигациялар ассортименті кеңейді. Енді оның нәтижесін күтеміз. Коммуналды тарифтерді қымбаттатпаса болмайтын еді. Себебі инфрақұрылым, құбырлар мүлде тозған. Оларға инвестиция салып, тез арада жаңарта бастау керек. Инвестиция тек өзін-өзі ақтайтын тариф жағдайында келеді. Коммуналды эффектпен көтерілген инфляцияны стерилизация арқылы біршама құрықтай алсақ, онда 5 жыл ішінде біраз шаруаны бітіріп алуға мүмкіндік аламыз», – дейді қаржы сарапшысы Айбар Олжай.