Түркістан облысының Қазығұрт ауданында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кәмелетке толмаған оқушы қызға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен тұтқындалды. Қыздың айтуынша, мұғалімі бастапқыда оған хабарламалар жазып, кейін бірге Шымкентке барып келуге ұсыныс жасаған.
Сенімге кірген мұғалім оқушыны түн ортасында көлігіне отырғызып, елсіз жерге апарып, тиісуге әрекеттенген. Оқушы дер кезінде көліктен түсіп, үйіне оралған. Анасының айтуынша, мектеп тарапынан қысым болған – басқа мұғалімдер оқушыға үнін шығармауды ескерткен.
38 жастағы күдікті ұстазға Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша айып тағылған. Оның бес баласы бар, біреуі мүмкіндігі шектеулі. Мұғалімнің еңбек өтілі – 16 жыл.