Жазушы әрі «Ситуативный казахский» оқулығының авторы Қанат Тасыбеков мемлекеттік мекемелер қазақ тілін дамытуға шынайы емес, есеп үшін жұмыс істеп отыр дейді.
Оның пікірінше, тіл саясаты дұрыс болғанымен, іске асыру жағы өте әлсіз. Қаражат бар, бірақ ол тиімді жұмсалмайды. Мысалы, жарияланған миллиондаған сөздікті ешкім көрмеген.
– Бәрі тек есеп үшін: белгісіз курстар, формальді жобалар. Қазақ тіліне шын жанашырлық жетіспейді, – дейді ол.