Маңғыстау облысында көлікті тізгіндеген жасөспірім жол апатына себеп болды. Үйінде үлкендердің жоқтығын пайдаланған бала көлігімен бірнеше қызды қыдыртпақ болған. Алайда, рульге ие бола алмай, көлік бірнеше рет аударылған.
Апат салдарынан 3 қыз ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер ми жарақаты мен бірнеше сүйек сынуын тіркеген. Қазір тергеу басталды, қылмыстық іс қозғалды.