Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қызылордада орталықтандырылған ыстық су жүйесін жүргізуге 5 млрд теңге бөлінді

Қазір қаладағы көпқабатты үйлер тұрғындарын электрлі немесе газды жылытқыш құрылғылар арқылы ыстық сумен қамтып отыр. Бұл жағдай төтенше оқиғалардың туындауына себеп болуы мүмкін.

2023 жылдың 10 қазанында өңірге сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорданы 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосуды тапсырған еді.

Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. 2024 жылы бірінші кезең аясында 187 үй орталықтандырылған жүйеге қосылады. Ал екінші кезеңде, яғни биыл, тағы 236 үй ыстық сумен қамтылады.

Бірінші кезең үшін Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Қазіргі бөлінген 5 млрд теңге екінші кезеңнің алғашқы жұмыстарына бағытталады.

Жобаның нәтижесінде қаладағы 423 көпқабатты үй толықтай орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз