Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда «Малай» фильмінің премьерасы өтті

102

Басты рөлдер және актерлік құрам

Басты рөлді Zheka Fatbelly атымен танымал блогер Жеңіс Омаров сомдайды. Оның Instagram-да 3,1 миллион оқырманы бар, бұл – оның кинодағы алғашқы ірі жобасы. Жеңістің айтуынша, ол түсірілім барысында бірқатар қиындыққа тап болған, әсіресе, атқа міну және шапқан сахналар көп еңбекті қажет еткен.

«Менің кейіпкерім – ерке, өзімшіл, ешкімді тыңдамайтын байдың баласы. Бірақ, оның осындай мінез көрсетуінің себебі бар – ол өзін ешкім тыңдап, елемегендіктен, осылай наразылығын білдіреді», – дейді Жеңіс Омаров.

Фильмде, сондай-ақ, Аида Құрманғалиева, Дулыға Ақмолда, Лаура Мырзахмет, Ермек Шынболатов, Сәбина Мовлаева, Жандарбек Садырбаев, Хамит Ердехан сынды танымал актерлер ойнайды.

Фильм қашан шығады?

«Малай» отбасылық комедиясын 13 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалауға болады. Фильм туралы толық ақпаратты @malay_film Instagram парақшасынан табуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз