Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе компаниясының тағы бір ұшағы апатты жағдайда әуежайға қайта қонды. Оның ішінде 161 жолаушы болған. 30 желтоқсанда Кимпхо – Чеджу бағытында ұшқан рейс Boeing B737-800 бортындағы шассидегі ақау ұшқаннан кейін көп ұзамай анықталған. 29 желтоқсанда Муанда апатқа ұшыраған әуе көлігінде де осындай ақау табылған еді.