Жамбыл облысында жан түршігерлік көлік апаты болды. Жас келіншек 2 жастағы баласымен бірге тірідей өртеніп кетті.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық тас жолының 369-шақырымында «Мерседес» автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп, жол жиегінде тұрған BMW көлігіне соқтығысқан. Белгілі болғандай, 23 жастағы әйел BMW жүргізушісі болған. Салонда 2 жастағы баласы отырған.
«Жүргізуші рульді басқара алмай қалған, қазір ол ұсталды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.