Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-7
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Қостанайда полицейді айуандықпен өлтірген адам өмір бойына сотталды

Шойтасов аулаға жүгіріп шыққанымен, оны қуып жетіп, тағы бірнеше рет пышақтаған. Полицей оқиға орнында мерт болды. Ол марқұмның басын кесіп алуға әрекеттенген.

Одан кейін қылмыс ізін жасыру мақсатында оның денесін үйдің ауласына жасырып, полицей мен оның үйіндегілерге тиесілі заттар мен азық-түліктерді ұрлап, қашып кеткен. Кейіннен қылмыскер өзіне қарсы куәлік берген әйелді қорқытқан. Дегенмен әйел полиция шақырған.

Десе де сотталушы кінәсін ішінара ғана мойындаған. Сот оны кәнілі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

«Сотталушының бұл қылмысқа алдын ала оқталғанын іс қағаздарына жазылған белгілерден байқауға болады. Ол тергеуші мен зардап шегушінің аты-жөнінің жанына «бауыздаймын» деп жазған. Ол бұл белгіні түзеу мекемесінде жатып жазғанын мойындады. Бұл қылмыстың аса ауырлығын ескере отырып, соттан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық», – деді Қостанай облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Мәриям Сүлейменова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз