Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан үшінші матчта жеңілді.
13 қазанда УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениямен кездесті.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңілді.
Матчтағы жалғыз голды Словения құрамасының ойыншысы Ян Млакар (55-минут) соқты.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңілді (0:3).