Шымкентте жасөспірім қару ұстаған қылмыскерді ұстап, ломбардты тонаушыны тоқтатты. Рысқұлов көшесінде орналасқан ломбардтардың бірінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз тұлға қолына тапаншаға ұқсас затпен ломбард қызметкерлерін қорқытып, 100 мың теңге қаражат талап еткен.
Ломбард ішінде тұрған 18 жастағы ер азаматтар қылмыстың алдын алу мақсатында құқықбұзушыны тәртіп сақшылар келгенше ұстап алған.
Тұран аудандық полиция қызметкерлері дер кезінде келіп, құқықбұзушыны тұтқындаған. Аудандық полиция басқармасының бастығы Тілеуов Нұржан өз кезегінде жасөспірімдердің танытқан ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.