Астанада магистратураға түспек болған 10 тұрғын алаяққа алданды. 23 жастағы астаналық қыз оларға ақша берсеңдер елордалық университетке түсуге көмектесемін деп уәде берген. Ол университетте таныстары барын айтқан. Клиенттерді күдікті достары мен таныстары арқылы тапқан. Магистратураға түспен болған студенттердің 9-ы оған 700 мың теңгеден, ал біреуі 460 мың теңге төлеген.
«Алаяқтық жасады деп күдіктелген жас қыз өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – делінген Астана қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.