Ақмола облысында зейнеткер немересін құтқарғаны үшін белгісіз адамдарға 17 миллион теңге беріп, кейін алданғанын білген. ІІМ мәліметінше, 5 тамызда белгісіз біреулер әйелге телефон соғып, өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған. Олар зейнеткердің немересі жол-көлік оқиғасына себепкер болғанын айтып, оқиғаға қыздың кінәлі екенін айтады.
«Қаскүнемдер қарт әйелге жазадан «құтылуға көмек көрсетуге» уәде береді», – делінген хабарламада.
Шошып кеткен зейнеткер туысқанына көмектесу үшін барлық жағдайға келіскен. Курьер одан ақшаны алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңге, бұл бүкіл отбасының, зейнеткер мен оның кәмелетке толған балаларының ұзақ уақыт бойы жинаған қаржысы.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 қыркүйекте көкшетаулық жедел уәкілдер дроппер болған 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында ер адамның тағы бір ұқсас эпизодқа қатысқаны анықталды. Алаяқтардың кезекті құрбаны облыс орталығының тағы бір тұрғыны болған, ол «көмек» үшін алаяқтарға бір миллион теңге берген», – деді баспасөз қызметі.