Астанадағы мешіттердің бірінде ер адам өз-өзін пышақтап тастады. Әуелі видео әлеуметтік желіге тараған. Ер адамды полицияның бірнеше қызметкері қоршап, тоқтатпақ болады. Полицейлердің шапан киген ер адамның пышағын қолынан тартып алуға тырысқан сәт бейнеге түскен.
Желі қолданушыларының жазуынша оқиға Елордадағы Гёте көшесінде орналасқан мешіт алдында болғанын жазады. Оның хабарлауынша, қолына пышақ ұстаған адам «заңсыз сотталғандарды босатыңдар» деп талап қойған.