Өскемен тұрғыны алаяқтық жолмен достарының атына бірнеше несие рәсімдеген. Іс бойынша келтірілген материалдық шығын бір миллион теңгеге бағаланып отыр. Көктемде үш адамға түрлі микроқаржы ұйымдарынан несиені мерзімінде төлемегені туралы хабарламалар келе бастаған. Олар аталған ұйымдардан несие алмағандықтан, полицияға жүгінген.
Зардап шеккендер оларды досы алдағанын түсінді. Себебі ол екеуіне онлайн-казинодағы ұтысын қолма-қол ақшаға айналдырып беруін өтінген. Ал бір қызға несие алуға көндіріп, тез арада несиені жауып беретінін айтқан. Сөйтсе оның атынан бір емес, бес несие алыпты. Бірақ ешқандай несиені төлемеген.
Жәбірленушінің үшеуі де танысына сеніп, қажетті биометрикадан өтуге өз еркімен келіскендерін түсіндірді. Алаяқ осыны пайдаланып, миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған.