Астанада бойжеткен өзі жалдап тұрған пәтердің мүлкін ломбардқа өткізіп, қашып кеткен. Полиция елорданың 25 жастағы тұрғынын анықтады. Жәбірленушінің айтуынша, бір жас қыз оның пәтерін 6 ай бойы жалға алған. Бастапқы 4 айында жалдау ақысын уақытылы төлеп отырған.
Содан кейін қаржылай қиындықтар туындағандықтан, үй иесі төлемді уақытша кейінге қалдыруға рұқсат берген. Алайда қаскүнем қыз сенімді пайдаланып, пәтер иесінің теледидары мен үтігін ломбардқа өткізіп, артынша байланысын үзген.