Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
448
-4.73
EUR
500
-7.77
RUB
5.46
-0.07

Ақтөбе облысында турнирге бара жатқан оқушылар жол апатына ұшырады

Минивендегінің бәрі мерт болды. Бесеуі — оқушы, бір баланың әкесі, жүргізуші мен тағы бір ересек жолаушы. Балалардың жасы небәрі 11-де. Екеуі ағайындылар екен.

«Алдын ала мәліметтерге байланысты, көлікте балалардың қасында ата-анасы болған және басқа облысқа футболдан өтетін жарысқа бара жатқан. Бұл шара жайында ата-аналар құзырлы білім басқармасына, полцияға, спорт басқармасына хабарламаған», – Ақтөбе облысы ПД ЖПҚ басқарма бастығы Айдос Құлжанов.

Білім басқармасы да оқушылардың алыс жолға шыққанын білмеген. Сол турнирге басқа да адамдардың кеткен-кетпегені анықталып жатыр. Полицейлер көліктегі адамдардың нақты санын бірден айта алмаған. Алғашында 3 ересек 3 бала бар делінді. Кейін жаншылған көліктен тағы екі баланың денесі табылған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз