Отандық жекпе-жек шебері Ернат Түгелбеков анасының ұзақ жылғы сырқаттан көз жұмғанын айтып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Файтер суық хабарды жекпе-жекке шықпай тұрып естіген.
«Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен жекпе-жекке шығып жүрген қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады. Ернат өз жеңісін анасына арнады. Алайда ол бұл жаңалығын анасына сүйіншілей алмады.
«Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды», – дейді файтер көз жасына ерік беріп.