Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін ақшаны енді «Отбасы банкінен» басқа банктерде де жинауына болады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, бүгінде мемлекеттік органдар мен банктер бірлесе отырып түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.
«Мұндай мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып беріледі», – делінген хабарламада.