Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

«3 мысықты шетінен сойып, бізге етін береді»

Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау уәкілі Жанетта Жазықбаева айтқандай балалар аш болған. ⠀

«Сарайларына кірдік. Газ балллонында 3 мысық байлаулы тұр екен. Бала бұл мысықты шетінен сойып, бізге тамақ береді деді. Мүлдем шомылмаған, денелерін қасыған. Түнде балаларды қасынбасын деп байлап қояды екен», – дейді Жазықбаева. ⠀

Асыранды балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Жауыздықтан жапа шеккен ересек екеуі бейімделу орталығына орналастырылып, тағы төртеуі балалар үйіне жіберілді. Ер адамның өзі «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғардың психикалық ауруханасында жатыр. Көкбұлақ ауылында болған бұл жағдайдан ауыл тұтас хабарсыз, бір атадан туған бауырлары да білмеген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз